Қазақстан мен Ресей $52,9 млрд құрайтын 171 жобаны жүзеге асырады

Қазақстан мен Ресей 171 өнеркәсіптік кооперация жобасын іске асыруда, олардың жалпы құны $52,9 млрд құрайды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Мәскеуде өткен екі елдің іскерлік кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Ол ресейлік бизнес өкілдерін Қазақстанға инвестиция салуға шақырды.
Ресей Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Сергей Катырин Қазақстанмен ынтымақтастық жасап отырған 80-ге жуық ресейлік өңір бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы уақытта екі ел арасындағы тауар айналымы қарқынды өсуде.
"Алдағы жылдары бұл көрсеткіш $30 млрд-қа жетуі мүмкін, бірақ біз бұдан да жоғары нәтижеге ұмтыламыз", – деді Катырин.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің деректері бойынша, соңғы 10 жылда екі ел арасындағы өзара сауда көлемі екі есеге ұлғайған. 2024 жылы бұл көрсеткіш рекордтық $27,7 млрд-қа жетті.
Қазіргі таңда Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен 23 мыңнан астам компания жұмыс істейді.
Соңғы жаңалықтар





