«Қайран жастық»: Мақпал Жүнісова желіде Роза Рымбаеваның жас кезін көрсетті
Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде Роза Рымбаеваның жас кезін көрсетті. Ол әріптесінің әніне билеп тұрған сәтінен видео жариялады.
Мұрағаттағы видео Мақпал Жүнісованың Instagram желісіндегі парақшасында пайда болды. Видеодан Мақпал Жүнісова мен басқа да өнерпаздар әріптесі Роза Рымбаеваның әніне билеп тұрғанын байқауға болады. Ал Роза Рымбаева «Қайран, жастық» әнін орындап жатады.
Айта кетейік, осыған дейін қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова қызы Мерейге қатысты құпияны не себепті жария еткенін ашып айтқан еді. Өнер иесі перзентіне шындықты айтқаны үшін өкінбейтінін жеткізді.
«Шындықты айтқанымызға мен де, Мерей де өкінген жоқ. Бейшара қыз емес. Абайлап сөйлеңіз. Зәкең 18 жасқа толғанда өзім айтамын деген. Мен айтпасам, ертең сіз сияқтылар басқа адамнан туған деп айтып қояды.
Одан да өз аузымнан естісін. Өзімнің туған бауырымның қызын бауырға бастық. Ертең күйеуге шығарда өзінің руы мен тегін білгені дұрыс», – деп жауап берді Жүнісова.
Фото: instagram.com/ zhunusovamakpal