Қазақстандық оқушылар IChO-2024 химия олимпиадасында екі алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды

0
255

Сауд Арабиясында IChO-2024 химиядан 56-ші халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Біздің барлық оқушыларымыз жүлделі орындарды иеленді, оның екеуі — ең жоғарғы марапат, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «Дарын» РҒПО-на сілтеме жасап.

International Chemistry Olympiad дүниежүзілік ең беделді топ-7 олимпиадалардың қатарына кіреді. Біздің құрамамыз үшінші жыл қатарынан жоғары нәтиже көрсетіп келеді, биылғы жылы жас химиктеріміз қос алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% нәтиже көрсетті.

Ринат Илюсизов — Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;

Кирилл Ким — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;

Абылай Кабдулхадыр — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;

Әділжан Молдағұл —Ақтау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Қазақстан құрама командасының жетекшілері: Азамат Жақсылықов және Санжар Бегдайыр — республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.

Айта кетсек, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен құрама команда мүшелері бірнеше республикалық және халықаралық оқу-жаттықтыру жиындарына қатысып, 2024 жылғы Еуропалық және Дүниежүзілік олимпиадаларда 100% нәтижелер көрсете білді.

Жас химиктерімізді, жетекшілер мен жаттықтырушыларды, мектеп ұжымдары мен ата-аналарды керемет жеңіспен құттықтаймыз!

Анықтама үшін: Халықаралық ірі олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларға еліміздің жоғары оқу орындарына конкурстан тыс грантпен оқуға түсуге мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ ақшалай сыйақы төленеді. Алтын медаль үшін 1500 АЕК, күміс медаль үшін 1000 АЕК, қола медаль үшін 500 АЕК төленеді және оқушыларды дайындаған тәлімгерлеріне де марапат қарастырылған.


ПІКІР ЖАЗУ