10 жасар қыз ыдыс жууды талап еткені үшін әпкесін пышақтап өлтірді

0
351

Ресейдің Подольск қаласында әпкелі-сіңлінің жанжалы өліммен аяқталды.

Ата-анасы жұмыста болған 10 жастағы Наргиза мен 13 жастағы Анора (аты-жөні өзгертілді) үйде жалғыз қалғанда жуылмаған ыдыс үшін ұрысып қалған.

Үлкені тәрелкелерді, ас құралдары мен шыныларды жуу кішінің міндеті екенін айтып,моральдық қысым көрсете бастады. Кіші қыз оған шыдай алмай, асхана пышағын алып, әпкесіне сұғып алған. Наргиза жедел жәрдем шақырғанмен, дәрігерлер ауыр жарақат алған қыздың өмірін сақтап қала алмады.


ПІКІР ЖАЗУ