12 мамыр күні үш облыста үсік жүреді - Қазгидромет
392
Қазгидромет» РМК ел аумағында 12 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Атмосфералық фронталды бөліктер ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайтын болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, Алматы облысының таулы жерінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады.
Дерекке қарағанда, түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі. Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында Қостанай облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, жоғары өрт қауіпі күтіледі, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.«Республикамыздың солтүстігінде, орталығында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, батысында, оңтүстік-шығысында дауыл, бұршақ, батысында, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, шығысында, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі», деп жазды синоптиктер.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...
02.10.2026
22:27
«Өлтіремін» деп қорқытқан: Алматыда бойжеткенді...