22 жастағы қыз қатерлі ісіктен қалай айығып шыққанын айтты

0
91

АҚШ-тағы Айдахо тұрғыны Марианна Браунинг меланоманың дамығанын байқамай, қатерлі ісіктің соңғы сатысында ғана дәрігерге жүгінген. Бұл туралы DailyMail сайты хабарлады.

22 жастағы Марианна Браунингке меланоманың төртінші сатысы диагнозы қойылған. Меланома деген – терінің қатерлі ісігі. Қыз өзінің ауыр дертке шалдыққанын білмеген, өйткені аурудың ешқандай белгілері болмапты. Әдетте меланома пайда болған кезде ерекше меңдер немесе теріде басқа белгілер болады. Ауру қыздың аяғында лимфа түйінінің қабынуынан туындаған ісік пайда болған кезде анықталды. Браунинг терінің қатерлі ісігі лимфа жүйесіне өтіп, іш қуысындағы мүшелерге метастаз бергенін кейінірек анықтаған.

Америкалық қыз 5 жылдай өмірі қалды деп болжамаған. Дегенмен ол ісіктерді жою үшін ота жасап, химиотерапия курсын алуға келісті. Бірнеше айдан кейін ауыр ішек инфекциясына байланысты ауруы асқынды, ал бір жылдан кейін ол миында қатерлі ісік клеткалары пайда болғанын білді.
Бір жыл терапияның арқасында оның денесінде қатерлі ісік клеткалары қалмады, толық айығып шықты. Бірнеше айдан кейін ол емді тоқтатып, отау құрып, балалы болды.


ПІКІР ЖАЗУ