«6-7 ота керек»: Төреғалидің қарындасы халықтан ақша сұрады

0
431

Танымал блогер Фариза Төреәлі халықтан көмек сұрап, емге ақша жинап жатыр.

Желі жұлдызы оқырмандарына отбасылы азаматтың ауырып жатқанын айтты.

“Қазір Ерлан бауырымыз үшін ақша жинауға Алла сезім салды. 3 баланың әкесі қазір аяғының емімен арпалысып жүр. Аяғына тұрып, жүріп кетуіне себепші болсақ, қандай бақыт?! 2021 жылы жол апатына түсіп, аман қалған. Оң аяқ 1 жерден, сол аяғы 3 жерден сынған. Осы уақытқа дейін 12 ота жасалған екен. Қазір Кореяға ем іздеп барған. Тағы 6-7 ота керек екен. Ол үшін 80 млн теңге қажет», – деп жазды блогер ару.

Сондай-ақ Төреғали Төреәлінің қарындасы 5 минутта 1 млн теңге жиналғанын көрсетті.

“Белсенді болып жатқан әрбір жанға мың алғыс! 1-2 мың аударсаңыз да үлкен көмек болғалы тұр. 6 сағатта 16 млн теңге жиналды. 24 сағатта қанша теңге жиналатынын күтейік. Сосын мұқтаж жанға аударамыз», – деп есеп берді Фариза.


ПІКІР ЖАЗУ