9-20-25 ИПОТЕКАСЫ 1-НАУРЫЗДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
«9-20-25» ипотекалық бағдарламасы 1-наурыздан іске қосылатынын бірінші вице-премьер Роман Скляр растады.
26 қаңтарда Қостанай облысына сапары кезінде бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов 1 наурыздан бастап жаңа «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеген еді.
Ал ақпанның 1-і күні Сенат отырысында Индустрия және құрылыс вице-министрі Тимур Қарайғошин бағдарлама бойынша түпкілікті шешім жақында қабылданатынын растады.
«Алайда «Отбасы банкі» бағдарламаның іске қосылу күнін атай алмады»,-деп жазған еді informburo.kz
Бұған дейін бағдарлама нарықтық қаржыландыру арқылы жүзеге асады, бюджет қаражаты пайдаланылмайды. Бағдарлама бойынша несиелеудің түпкілікті мөлшерлемесі нарықтағы қаражатты тарту қарқынына байланысты болады.