«9-сынып оқушысы едім»: Мақпал Жүнісова өткен күнін еске алды

0
286

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова бала кезінен сыр шертіп, әнші болуға қадам басқан кезін есіне алды.

Өнер иесі мектеп кезіндегі естелікті жеке парақшасындағы оқырмандарына айтып берді.

9-сыныпта радиоға жазылған Дүнгенбай Ботбаевтың әні «Ана» әнін радиодан тыңдаған «Гүлдер» ансамблінің сол кездегі директоры Қабиден Тұяқаев марқұм, менің қайда оқитынымды радиодан сұрап, 10-сыныпта «Гүлдер» ансамбіліне алдыртты. 10 шақты ән айтқызып, мектеп бітіргесін «Гүлдер» ансамбліне қабылдаймын деп еді. Ақыры 1981-жылы жұмысқа алды, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің оқушы кезін қызу талқылап жатыр.

“Не деген тап-таза дауыс?!”,  “Сізді 1982 жылы алғаш рет көргенмін, жіп-жіңішке арық едіңіз”, – деп жазды оқырмандар.

Кілтсөздер:Мақпал Жүнісова


ПІКІР ЖАЗУ