SCAT ұшағын найзағай соғып, 14 рейстің уақыты өзгеріп кетті

0
221

SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағын найзағай соқты.

Компания таратқан мәліметке сәйкес, демалыс күндері қатты найзағайдан Boeing 737 ұшағына зақым келген. Қазір оны кестеден шығарған. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, мамандар ұшақты тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Осыған байланысты әуе компаниясы осы аптада 14 рейстің уақытын өзгертуге мәжбүр. Жолаушылардан рейс уақытын алдын ала нақтылап, sms-хабарламалар арқылы тексеріп отыруды сұраймыз. Бұдан бөлек, scat.kz сайты мен қосымшасында рейстің мәртебесін біліп отыруға болады, – дейді компания мамандары.

Фото: depositphotos.com



ПІКІР ЖАЗУ