Елімізде бала туу жасы заңмен бекітілетін болды

0
218

Қазақстанда бала туу жасы енді заңмен бекітіледі. 15-49 жас аралығындағы қыз-келіншектер «репродуктивті жаста» болып есептеледі.

Бұл ұғым енді халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодексіне енгізілгелі жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 42 жастан кейін қыз-келіншектердің босануы қиындайды. Мұны клиникалық тәжірибе көрсеткен.

Жыл сайын репродуктивті клиникаға 49 жастан асқан 25-30 әйел жүгінеді екен. Бұл әйелдер 10-12 жыл бұрын қатырып қойған жұмыртқа клеткасын қолданады немесе экстракорпоральды ұрықтандыру жасайды.

Былтыр ЭКО-ның қызметіне 28 әйел жүгініп, оның жартысы босанған.

Фото: lechimsustavy.ru



ПІКІР ЖАЗУ