«Сыңсу айтып, жылап жатпаймын»: актриса Нұргүл Мыңғатова тұрмысқа шықпақ
Актриса Нұргүл Мыңғатова жақында тұрмысқа шығатынын айтып, күйеу жігіттің ауылдың баласы екенін жасырмады.
Жеке өмірінде болғалы жатқан жаңалығымен актриса тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті.
Жеке өмірім туралы көп айта бергім келмейді. Негізі бұрыннан сондаймын. Жеке өмір, ол – жеке өмір. Қазір жеке өмірімде өзгерістер болайын деп жатыр. Тұрмысқа шығайын деп жатырмын. Ұзатылып жатсам, ұят шығар. Сыңсу айтып, жылап жатпаймын енді. Мен кетсем, керісінше, бәрі қуанатын шығар. Бірден ақ көйлек киіп, үлкен той жасаймыз деп отырмыз. Биыл болмай қалса, келесі жылы, әйтеуір бір той болады ғой, – деді актриса.
Айтуынша, болашақ күйеуі оның шығармашылық адам екеніне, түрлі түсірілімдерге қатысатынына түсіністікпен қарайтын ересек адам екен. Сонымен қатар, шоу бизнес саласына мүлде қатысы жоқ, қазақтың қарапайым қара жігіті көрінеді.