Астанада автобус әйел адамды қағып өлтірді
Астанада қоғамдық көлік әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға бүгін таңертең болды.
Сығанақ көшесімен жүріп келе жатқан автобус жүргізушісі Тұран даңғылына оңға бұрылғанда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті, – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әйел алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Фото: ашық дереккөз