Қырықбаеваның қырқынан шығарарда әкесіз қалған қызы 5 жасқа толды

0
592

Әнші Динара Қырықбаева кенже қызының 5 жасқа толған туған күнін дүркіретіп тойлады. Күйеуімен ажырасқанда, ол 40 күнге енді ғана толған осы сәбиімен қалған еді.

Әнші жұмыс істеп жүріп, қызының 5 жасқа толғанын байқамай қалғанын айтты.

Айяға 40 күн толғанда ажырасып кеттік. Шынымды айтсам, қалай тез өсіп кеткенін байқамай қалдым. Мен үнемі даму үшін жұмыс істеп жүріппін. Өскесін сен мені түсінетін боларсың. Бүгін 5 жасқа толып жатыр. Сені жақсы көремін, қызым, – деп жазды ол.

Айта кетсек, Динара Қырықбаева күйеуімен 5 жыл отасқан. Үш баланың анасы. Олар 2019 жылы ажырасып кеткен.



ПІКІР ЖАЗУ