Атырау облысы Тергеу изоляторының бастығы парамен ұсталды
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің бастығы ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Atyrau Online Telegram-парақшасының мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері пара алды деген күдікпен тергеу изоляторы бастығын ұстаған.
Ол 500 мың теңге алғаннан кейін ұсталды, бұл ретте параның жалпы мөлшері 1 миллион теңгені құрайды. Оны ҰҚК қызметкерлері монша кешенінде ұстады. Сондай-ақ оның тұрғылықты жерін тінту жүргізілді, – делінген хабарламада.
Фото: ашық дереккөз