Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың үстінен тағы бір іс қозғатты

0
216

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді түрмедегі экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үстінен тағы бір арыз жазды деп хабарлады politico.kz.

Бұл ретте ол Бишімбаевтан материалдық және моральдық шығын өтеу жөнінде азаматтық іс қозғатты. Енді кезекті сот отырысы биыл 3 қыркүйекте, сағат 11:00-де өтетін болды.

Еске сала кетсек, Салтанат Нүкенова былтыр 9 қарашада күйеуі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан болатын. Содан осы іске қатысты сот үдерісі ұзаққа созылып кеткен еді. Нәтижесінде биылғы мамыр айында бұрынғы Ұлттық экономика министрі өз әйелін аса қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталып тынды. Бірақ мәселе онымен бітпейтінге ұқсайды.

Фото: Halyq Uni



ПІКІР ЖАЗУ