Алматы облысында 28 жастағы жігіт итті көлікпен сүйреп қинаған

0
147

Әлеуметтік желіге ер адамның итті көліктің артына байлап, сүйреген видеосы тарады.

Оқиға Алматы облысында болған. Қазір қаскөй ұсталып, осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 28 жастағы ер адамды ұстап, полицияға жеткізді. Қазір оның үстінен жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Фото: видеодан скриншот



ПІКІР ЖАЗУ