102 жастағы кейуана туған күнінде парашютпен секіріп, рекорд жаңартты

0
219

Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Манетт Бейли 102 жасында Ұлыбританиядағы ең қарт парашютшы атағын жаңартты. Туған күнінде алғаш парашютпен секірген ол ханзада Уильямнан құттықтау алды.

Бұрын Корольдіктің әскери-теңіз қызметінде болған Манетт Бейли кезінде досының 85 жастағы әкесінің осындай батыл қадамын көріп шабыттанып, кейін алғаш рет парашютпен секіремін деп шешіпті. Ал бұған дейін рекорд 101 жасында парашютпен секірген Верден Хейеске тиесілі еді.

Манетт Бекклс қаласының үстінен секірді. Оны 50 көрермен қолдады. Бұл акция оның туған күнін ерекше атап өтумен қатар, қайырымдылық мақсатында ақша жинаудың жолы болды. Жиналған қаражат оның жанына жақын ұйымдарға, соның ішінде 1969 жылы ұлының өмірін құтқарған East Anglian Air Ambulance әуе жедел жәрдеміне, моторлық нейрон ауруы қауымдастығына және жергілікті ардагерлер клубына жіберілетін болды.

East Anglian Air Ambulance-да бұрын ерікті болған ханзада Уильям Бейлидің батылдығы мен қайырымдылығына риза болып, туған күнімен арнайы құттықтады.

Қазір Бейли жоспарланған 30 мың фунт стерлингтің 10 мыңын жинаған.

Фото: facebook/BENHALL VILLAGE SOCIAL CLUB



ПІКІР ЖАЗУ