9 ай бойы әйелінен алданған «Меломен» тобының әншісі кішкентайлы болды

0
229

«Меломен» тобының белді мүшелерінің бірі Қайрат Мырзаханов 5-рет әке атанды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жұбайы Шолпан Мырзаханова әлеуметтік желідегі парақшасына перзентханада түскен суреттерін жариялап:

Сүйінші! Ресми түрде 5 баланың ата-анасы болдық. Аллаға сансыз шүкір! – деп жазды.

Келіншек жолдасын 9 ай бойы ұл бала болады деп алдап келгенін айтты.

«Күйеуіме тосынсый жасадым. 9 ай бойы ұл деп айтып келдім. Қайрат, кешірші, жаным, – деп Шолпан Мырзаханова.

Әнші Талғат Жорабаев пен Аяулым Жорабаева сәбидің кіндік әке-шешесі болған.

Фото: ашық дереккөз



ПІКІР ЖАЗУ