СҚО-да күдіктілер бір отбасы мүшелерін бауыздап кеткен

0
88

СҚО-ның Жұмысшы ауылында 2023 жылдың желтоқсанында бүтін бір отбасы мүшелері – ерлі-зайыпты мен олардың 17 жастағы ұлын бауыздап өлтірген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Social Media.

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында отбасын қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша тергеу жалғасуда.

Бұл отбасының іскерлік жерлеу агенттігі болған. Белгісіз адамдар марқұм П.-ның үйіне басып кіріп, оны бауыздаған. Ерлі-зайыптылар мен олардың ұлы байланысқа шықпаған соң, туыстары алаңдап, олардың үйіне келеді. Сөйтіп, жантүршігерлік қылмыс жайлы полицияға хабарлайды. Отбасының жалғыз мүшесі – қызы ғана тірі қалған, өйткені, қылмыс болған уақытта ол Ресейге туыстарының үйіне кеткен.

Полиция күдіктілерді бірден қолға түсірді. Олар – жеке кәсіпкер ретінде жерлеу қызметтерін көрсететін 37 жастағы Е. және оның қызметкері – 25 жастағы О., үшінші күдікті – алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған екі немесе одан да көп адамды өлтіруге түрткі болды деп айыпталған 42 жастағы С. (Жерлеу қызметін көрсететін Петропавл ЖШС-де директордың орынбасары).

Олар жерлеу бизнесіндегі бәсекелестікте озу үшін саналы түрде бұл қылмысқа барған.

Белгілі болғаны, бауыздалған ерлі-зайыптылардың иелігіндегі ұйым конкурстық тендерлердің басым бөлігінде жеңген. Яғни, мәйіттерді Петропавлдың медициналық мекемелерінен, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өтінімдері бойынша тасымалдауға байланысты қызмет көрсетуге арналған конкурста таңдалған.

Ал күдікті С. жұмыс істеген ЖШС-інде кіріс азайған. Сотталушылар С. мен Е. арасын романтикалық қатынас байланыстырған. Олар бірге тұрған.

2023 жылдың 27 желтоқсанында Е. және О. марқұм П.-ның үйіне келіп, алдымен 17 жастағы ұлын өлтірген. Тендерде жеңген құжаттарып жойып, олар үй иелерін күткен. Үйден 2 млн теңгені ұрлаған. Кешкі сағат алтылар шамасында үйге кіріп келген П.-ны, артынан оның әйелін ауыр металл затпен ұрып өлтірген.

Ас үй пышағымен олар ерлі-зайыпты мен олардың ұлын мойын аймағын бауыздаған.

Психологтардың пікірінше, үш күдікті – Е., О. және С. да ақыл-есі дұрыс. Яғни бұл қылмысты жоспарлап жасаған.

Фото: istockphoto.com



ПІКІР ЖАЗУ