Елдос Сметов мансабын аяқтағысы келмей қалды

0
223

2024 жылғы Париж Олимпиадасында дзюдодан чемпион атанған Елдос Сметов енді 4 жылдан кейін Лос-Анжелесте өтетін дүбірлі додаға дайындалатынын айтты, деп хабарлады politico.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Алайда Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін ойым өзгерді. Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергім келеді, – деді Елдос Сметов.

Айта кетсек, ол бұдан бұрын мансабын аяқтау жөнінде әлі шешім қабылдамағанын айтқан болатын.

Париж Олимпиадасында Елдос Сметов финалда татами иесі, франциялық Лука Мхидзені жеңген еді. Ал жартылай финалда әлем әрі Еуропа чемпионы, испаниялық Франсиско Гарригосты ұтқан болатын.

Жалпы, ол 2016 жылы Рио де Жанейро Олимпиадасында күміс, 2020 жылы Токио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған.

Фото: Olympic.kz/ Сали Сабиров



ПІКІР ЖАЗУ