Жамбыл облысында танк жеңіл көлікті жапырып тастады

0
122

Жамбыл облысында танк автокөлікпен соқтығысып қалды. Бұл туралы Telegram-дағы egov.press арнасы жариялады.

Әскери танк Жамбыл облысында ашық далада күтпеген жерден жеңіл автокөлікті қағып кетті. Ішінде жүргізуші болған. Егжей-тегжейлері анықталып жатыр, – деп жазды Telegram-арнасы.

KAZ.NUR.KZ тілшісі Қорғаныс министрлігінен мәселенің анық-қанығын сұрап білген.

2024 жылдың 28 тамызында Гвардейск гарнизоны «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонының аумағында жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде Mercedes маркалы автокөлік жол жүру ережесін бұзып, Т-72 танкісімен соқтығысқан. Әскери техника жүретін жерлерде «Танкке жол бер» белгісі қойылған. Жеңіл жарақат алған көлік жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты. Шағымы жоқ. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді ведомство.



ПІКІР ЖАЗУ