Атырау облысында сарбаз әскерден қашып кетті

0
441

Атырау облысында шекарашы әскери қызметін өтеуге келген сарбаз бөлімшеден қашып кетті, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Orda.kz жазды.

Сарбаздың қай күні қашып кеткені туралы дерек жарияланбаған. Алайда ол Атырау облысының Исатай ауданында орналасқан 5575 әскери бөлімшесінен қашқан.

Бөлімшедегілер әскерге шақырылушы азаматтың жоқ екенін бірден байқап, іздеуге кіріседі. Сарбазды Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаменті шекара қызметінің қызметкерлері ұстаған.

Ол ұсталды. Қашу себебі анықталып жатыр. Бірақ оның әскердегі әлімжеттіке қатысы жоқ, – делінген Орданың дерегінде.

Сарбаз қашып кеткен шекара бөлімшесі 2018 жылдың желтоқсан айында ашылған.

Бұл өңірдегі алғашқы жағдай емес. Бұған дейін де мамырда Атырау гарнизонында әскерге шақырылған азамат қару алып қашып кеткен болатын. Ол өзін ұстағысы келгендерге оқ жаудыра бастаған. Кейіннен әскериді «Арлан» арнайы жасағы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін ұстамақ болған.

Фото: ainews.kz



ПІКІР ЖАЗУ