Армения ҰҚШҰ-ның барлық органдарындағы қызметін тоқтатты
Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының барлық органдарына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Apa басылымы жазды.
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның барлық органдарындағы қызметтерін тоқтатқанын мәлімдеді.
Осы кезеңде мұны жеткілікті деп санаймыз. Басқа шешім қабылдаудың қажеттілігін көріп тұрған жоқпыз. Бірақ бұл болашақта басқа шешім қабылдамайтынымызды білдірмейді, – деді ол.
Фото: Sputnik/Асатур Есаянц