Бақтияр Зайнутдинов өзін бапкері жақтырмаса да Түркияда қалғысы келеді

0
206

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдиновтің маусым басталғалы неге ешбір ойынға қатыспағаны белгілі болды.

Бұл туралы Түркияның «Бешикташ» клубы туралы жазатын журналист Серджан Дикме айтып берді, – деп жазды inbusiness.kz.

Бақтияр Зайнутдинов маусым басталғалы ешбір ойынға қатыспаған. Жаздағы оқу-жаттығу жиындары кезіндегі жолдастық кездесулерде де бой көрсетпеген.

Клубтың бапкері Бақтиярды ұнатпайды. Сондықтан спортшы алаңға шықпай жүр. Алайда футболшының Түркияда қалғысы келеді. «Бешикташтан» өз еркімен кеткісі жоқ. Зайнутдиновке бапкер көп мүмкіндік береді деп те ойламаймын. Ол негізінен қосалқы құрамда отырады, – дейді Дикме.

Фото: metaratings.ru



ПІКІР ЖАЗУ