СҚО әкімі әзір Петропавл атауын өзгерте алмайтынын айтты

0
204

Үкімет кулуарында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының атауын Қызылжар деп өзгерту мәселесіне тағы да жауап берді.

Мен нақты жауап бердім, атау өзгертетін уақыт емес. Адамдар да қалыпты қабылдады. Оларда басқа да ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ, – деді әкім.

Еске сала кетсек, ол бұған дейін де қаланың тарихи атауын ауыстырудың саяси астары жоқ екенін айтқан болатын. БАҚ өкілдері осы мәселеге қатысты әкімнің жеке көзқарасын сұрады.

Біз бірінші кезекте тұрғындардың ойын зерделейміз. Егер адамдардың көбі қала атауын өзгертуді қолдаса, қарастырамыз, – деген-ді сонда Ғауез Нұрмұхамбетов.

Фото: Sputnik/Елена Бережная



ПІКІР ЖАЗУ