Президент: Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты

0
64

Тоқаев жас сарбаздардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді.

Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. р ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


ПІКІР ЖАЗУ