Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуімен не үшін бейнебаян түсіргенін айтты

0
261

Шоу-бизнес өкілі Дильназ Ахмадиева Instagram-дағы парақшасына бұрынғы күйеуі Әзілхан Сейітбаевты жақсы көретінін, бірақ некелерін сақтау мүмкін болмағанын жазды.

Жақында ол экс-күйеуі, ұлының әкесімен бірге махаббат туралы бейнебаян түсірген. Осыдан кейін оқырмандары екеуінің қайта қосылғанын болжаған еді.

Біз қайтадан қосылған жоқпыз. Бірақ мен ұлымның әкесі сол болғаны үшін Аллаға шүкіршілік етемін. Ол өте ақылды. Шығармашылыққа жақын, жаны нәзік адам. Оның бойындағы қасиеттер менің де жаныма жақын. Біздің некемізді сақтап қалу мүмкін болмады. Оның болашақ жарының жолы болатынын білемін. Азилька, саған шын жүрегіммен бар жақсылықты тіледім. Өзіме рұқсат берілгенше ғана жақсы көремін. Ағам секілді, – деді әнші.

Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva



ПІКІР ЖАЗУ