Антикор Алматы облысы Іле ауданының әкімін ұстады

0
172

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды. Оның қамауға алынғанын Антикор растады.

Айта кетсек, Бағдат Қарасаев Іле ауданын 2018 жылдың қыркүйегінен бастап басқарған. Бұған дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласының әкімі болған, облыстық әкімдік аппаратын басқарған.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Қарасаевты Антикор «лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны» үшін ұстаған.



ПІКІР ЖАЗУ