Мақпал Жүнісова бір киіммен әлем аралаған кезін есіне алды
Әнші Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында әлем аралаған кездерін еске алып, сахнаға киген тарихи көйлегі туралы естелігін бөлісті.
Айтуынша, ол бұл киімін Шри-Ланка, Марокко және Үндістанға да киіп барған.
Осы костюмді әбден тоздырып кидім. 1985 жылы «Гүлдер» ансамблі тіктіртіп берген. Бомбей қаласында 40 күн фестиваль Советской песни өтті. Қазақстаннан Бибігүл Төлегенова, «Мұрагер» ансамблі, мен және «Гүлдер» ансамблінің бишілері қатысты. 100 мыңдық стадионда күнде лық толы халық болатын. Союзға кіретін республиканың өнер шеберлерімен өткен керемет 40 күн өте шықты. Мәскеуден Алла Пугачёва, бишілері, Валерий Леонтьев, Грузия, Армения, Әзербайжан би топтары болған еді. Бұл көйлек Шри-Ланка, бүкіл Қазақстан облыстарына киіліп, 1989 жылы «Медеу» мұз айдынында «Алтын Алма» фестивалінде соңғы рет кидім. Мароккада болғанда да киілген, – деп жазды Халық әртісі.
Фото: instagram/zhunusova.makpal