«Америкада қыдырып жүретін едім»: Ерке мен Раймның концерті келесі жылға қалды

0
1118

Әнші Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасына күйеуі Райм екеуінің Америкадағы қыркүйек айына жоспарланған концерті кейінге шегерілгенін жазды.

Бұл ретте ол өкініш білдіріп, оқырманын концерттерінің ақпан айына ауысқанынан құлағдар етті.

АҚШ-тағы концерттеріміз визамыздың дайын болмағанына байланысты ақпан айына ауысты. Қазір Америкада қыдырып жүретін едім. Әрине, барлығына шүкір, – деп жазды Ерке Есмахан.

Еске сала кетсек, бұған дейін жұлдызды жұп АҚШ-тың 4 қаласында концерт беретінін хабарлаған болатын. Олар Хьюстон, Чикаго, Лос-Анджелес пен Нью-Йорк қалаларында 4-8 қыркүйек аралығында өнер көрсетуге тиіс еді.



ПІКІР ЖАЗУ