«Жаңа отауымның төрінде тұрады»: Мөлдір Әуелбекова жасауын көрсетті
Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде көпшілікке жасауын көрсетіп, елді ойландырып қойды. Оқырмандар өнер иесі жақын арада тұрмысқа шықпақшы екенін болжауда.
Мөлдір Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында жасауын көрсетіп, көпшілікті қатты таңғалдырды. Өнер иесі ерекше дизайнда жасатқан көрпелері жаңа отауының төрінде тұратынын жазды.
«Бұйырса, осы жап-жаңа, өте әдемі, премиум сапада жасауым жаңа отауымның төрінде жарқырап тұрады! Құттықтап қойыңыздар», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары эстрада жұлдызының бұл жазбасын бірден қызу талқыға салды. Көпшілік Әуелбекованың тұрмысқа шығайын деп жатқанын болжады. «Бақытты болыңыз. лайықтысыз»,
«Тағы да тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?», «Біз бір рет те шықпадық. Мөлдір үшінші рет тұрмыс құрғалы жатыр», «Бақыт тілеймін. Бірақ жария етпей шыға салған дұрыс па еді», «Бағың ашылсын», «Сіз үшін қуаныштымын», – деп жазуда желідегілер.