Онлайн жезөкшелікке тыйым салатын заң да күшіне енді

0
240

Елімізде «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заң күшіне енді. Енді онлайн жезөкшелікпен айналысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қазақстанның Қылмыстық кодексіне «Жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер» деген жаңа ұғым енгізілді. Адамдарды өзге де интимдік сипаттағы қызмет көрсетуге тартуға, осы мақсатта жеңгетайлық жасауға, үгіт-насихатқа және жарнамаға тыйым салынады.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға жезөкшелікпен айналысқаны үшін немесе жыныстық сипаттағы өзге де қызметтерді пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Ішкі істер министрлігі адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша тараптар татуласқан жағдайда да ешкім қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайтынын атап өтті.

Фото: Dita Alangkara/AP



ПІКІР ЖАЗУ