Атышулы блогер Мұрат Әбділда бостандыққа шықты

0
264

TikTok желіcі арқылы танымал болған түркістандық блогер Мұрат Әбділда бостандыққа мерзімінен бұрын ерте шықты.

Танымал гитарист Ақсұңқар Жүнісбаев әлеуметтік желідегі парқшасында ақпарат жариялап, халықпен бөлісті.

09.09.2024. Алланың қалауымен Мұрат Әбділда ұлдарыңыз бостандыққа шықты, – деп қысқа қайырды өнер иесі.

Еске сала кетейік, Мұрат Әбділда 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ол көпшілікке әндерінен бөлек, желідегі эфирде былапыт сөздерімен танымал болған еді. Жазасын өтеп жүргенінде «Енді ешқашан ешкімді балағаттамаймын» деп сұхбат берді.


ПІКІР ЖАЗУ