Пара дзюдодан Олимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек – белгілі спортшының жары

0
296

Пара дзюдодан 48 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен отандасымыз Ақмарал Науатбек дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының жеңімпазы Мәди Амангелдінің жары болып шықты.

Жас жұбайлар спортта танысып, кейін 2022 жылы шаңырақ көтерген. Қазір екеуі Астанада тұрады.

Мәди Амангелді жарының Париж төріндегі белдесуінде қасында болып, қолдау көрсеткен. Олар Париждегі Эйфель мұнарасының алдында фотоға түсіп, әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктеген.

Айта кетейік, Ақмарал Науатбек Жамбыл облысының Жуалы ауданында 1999 жылы дүниеге келген.

Еске сала кетсек, Ақмарал Науатбек финалдық бәсекеде франциялық спортшы Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдені иеленген еді. Ал жартылай финалда түркиялық Джахиде Екені, ширек финалда үндістандық Кокиланы иппонмен жеңген болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмарал Науатбекті жеңісімен құттықтап, әлеуметтік желіге өз атынан жазба жариялады.



ПІКІР ЖАЗУ