Жазасын өтеп жатқан Мейіржанның әйелі күйеуінің қазіргі жағдайын айтты

0
492

Қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған Мейіржан Төребаевтың әйелі – блогер, кәсіпкер Дана Есеева күйеуінің жағдайын мәлім етті.

Ол актриса, әнші Әсел Сәдуақасовамен әңгіме-дүкен құрып, сұрақтарына шынайы жауап берген.

«Күйеуім туралы жиі сұрайды. Мен не деп айтамын?.. Оның оқиғасы қоғамда резонанс тудырып еді. Қаншама қиындық көрді. Үй қамағында болды. Одан кейін тергеу изоляторында жатты. Сот шешімі шыққаннан кейін толық жазасын өтеуге кетті. Жақында заң аясында қысқамерзімді демалысқа келіп еді, халық шулап кетті. Бірақ заңда жазасын өтеп жатқан адам демалысқа үйіне келе алады. Ол да солай келді. Кейбір адамдар: «Бір кіріп, бір шығып, не істеп жүр?» деп сөкті. Оны көру үшін Павлодарға жиі ұшып барамын», – деді Дана Есеева.

Сондай-ақ блогер күйеуінің қалай өзгергенін де айтып берді.

«Темір тордың арғы жағында отырғандар не жақсы болып келеді немесе жаман болып келеді» деген түсінік бар. Сотталған адамның бәрібір де бұрынғыша болмайтыны анық. Ол қатты өзгеріп кеткен. Табиғатынан мықты, жігерлі адам еді. Сол болмысы беки түскен. Көп ойланады. Қасындағы адамдардың басынан кешкен оқиғаларын естіп, анализ жасайды. Кітап оқығандай етіп айтып отырады», – деді әйелі.

Еске сала кетсек, Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодекстің 217-бабы («Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару») бойынша кінәлі деп танылған болатын. Олардың әрқайсысы 5 жылған бас бостандығынан айырылды. Ал қалған айыпталушылар 8 жылдан 14 жыл арқалаған еді.


ПІКІР ЖАЗУ