Денсаулығы сыр берген Қайрат Нұртас үйінде ем қабылдап жатыр

0
2270

Эстрада әншісі Қайрат Нұртас Instagram-дағы парақшасында денсаулығы сыр беріп, ем қабылдап жатқанын айтты.

Ол өз үйінде система қабылдап жатқан сәтінен видео жариялады. Бейнежазбада әншіге үлкен ұлы Нарұлдың тамақ беріп жатқанын көруге болады.

Жаным менің, әкесі ауырып қалған кезде тамақ беріп жатыр, – деді Қайрат Нұртас.

Айта кетейік, бұған дейін ол желіде келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімовамен Ақтауда түскен видеосын жариялап, ажырасып кетті деп жүрген елдің көңілін бір басып қойған болатын. Оқырмандары көптен бері ел алдына шықпай кеткен ерлі-зайыптыны бірге көріп, оларға жылы лебізін білдірді.



ПІКІР ЖАЗУ