Сәдуақасованың туған күніне күйеуі көліктің қысқы дөңгелегін сыйлаған

0
163

Бірер күн бұрын 45 жасын тойлаған Мәдина Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасына видео жариялап, туған күнінде алған бағалы сыйлықтарын көрсетті.

Бір қызығы, оған ұлы құлаққап сыйласа, жолдасы көлігіне қысқы дөңгелектер тарту еткен. Ал құрбылары қымбат брендтен сыйлық пен бағалы әшекей бұйымдар табыстаған.

Сыйлықты кім жақсы көрмейді? Әнуар өзінің жинап жүрген ақшасына Apple құлаққабын алып берді. Ата-анам, бауырларым, әріптес, дос-құрбыларымнан небір күшті сыйлықтар келді. Күйеуің не сыйлады дейсіздер ғой? Көлікке қысқы дөңгелек. Бірақ олар бұл видеоға жараспады. Шын жүрекпен айтылған тілек, берілген сыйлық, гүл, дөңгелек – бәрі-бәрі қымбат мен үшін. Рақмет! – деп жазды Мәдина Сәдуақасова.

Фото: star-tape.ru



ПІКІР ЖАЗУ