Қырғызстан көк бөріден Қазақстанды жеңіп, чемпион атанды

0
101

Астанада өтіп жатқан V-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көк бөріден күміс медальға ие болды.

Бұған дейін жартылай финалда Қазақстан құрамасы Түркия командасымен ойнап, 15:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын.

Осыған дейін көкпардан Қазақстан құрамасы жартылай финалда Ресей командасын жеңіп, Көшпенділер ойындарының финалына өткен еді.

Көк бөрі – қырғыз халқының ұлттық ат спорты. Ойын ережесі бойынша, серкені жерден алып үлгерген шабандоз оны қарсылас команданың қазандығына салуы керек.

Фото: BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ