«Бұрынғы мұғалімі». Түркістан облысында ер адам қызды зорлап, анасымен бірге өлтіріп кетті

0
1402

Түркістан облысы Келес ауданы Амангелді ауылында жантүршігерлік қылмыс орын алды.

Әлеуметтік желіде қорқынышты оқиға туралы ақпарат тарады деп жазады Azattyq Rýhy сайты.

30 жастағы күдікті мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Сол кезде 16 жастағы оқушы қызға көз салып, қырындап жүрген. 16 жастағы қыз мектеп директорына кіріп, оқиғаны айтқан сияқты. Мектеп директоры 30 жастағы мұғалімді жұмыстан шығарған. Өшін алу үшін ол түнде үйлеріне кіріп, қызды зорлап анасымен бірге өлітіріп кеткен. Бүгін бір үйден екі бірдей жаназа шықты. Анасын кірпішпен ұрып өлтіріп, талдырған. Қызды бөлмеге апарып, есікті бекітіп алып, бетінен, кеудесінен түк қалдырмай, тістеген. Ауыл қатты ашулы, отбасылы әйел төртінші баласын босанғалы жүрген, – деп жазған хат авторы.

Түркістан облысының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, – деді облыстық полициядан.

Түркістан облысының полиция департаменті «күдікті бұрынғы мұғалім болды және 16 жастағы қызды өлтірмес бұрын зорлаған» деген ақпаратты жоққа шығарды.



ПІКІР ЖАЗУ