Қырғызстан Қазақстаннан барған 302,4 мың дана жұмыртқаны кері қайтарып жіберді
Қазақстаннан бара жатқан өнім шекара бекетінен ары өте алмады. Бұл туралы Қырғызстанның Cу ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігі хабарлады.
«Ақ-Тілек» өткізу бекетінде шекаралық ветбақылау инспекторлары тауарларды тексеру барысында Қазақстаннан Қырғыз Республикасының аумағына 302 мың 400 дана тауық жұмыртқасын өткізу кезінде ЕАЭО ветеринариялық-санитариялық ережелерінің бұзылғанын анықтаған.
«Ақ-Тілек» өткізу бекетінің инспекторлары жүкті тексеру барысында тауық жұмыртқасында таңбалау жоқ екенін, сондай-ақ жүк тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптар сақталмағанын анықтады.
«Ақ-тілек» бақылау бекетінің инспекторлары тарапынан тиісті кері қайтару актілері жасалып, жүк сол бекет арқылы Қазақстанға қайтарылды, – деп хабарлады Қазақпарат.