«Көзін ағызып жіберген». Түркістанда болған қанды қылмыс туралы тың дерек шықты

0
415

Түркістан облысында ер адам оқушысын зорлап, анасымен қоса өлітіріп кеткен.

Мектепте мұғалім болған 30 жастағы азамат үйге түнде келіп, қанды қылмысқа барған дейді қара жамылған отбасы. Марқұмдардың денесін көргенде жанымыз түршікті дейді Гүлжан Байболатова.

Өзім жуындырдым. Денесін адам қарап болмайды. Бет-ауыздарын танымайсың. Таспен ұрып-ұрып кіші сіңілімнің көзін ағызып жіберген. Соншалықты хайуан болар ма? Бастарын жарып тастаған. Құлақтарының айналасын тіккен. Жарылған. Түрі жаман, – дейді марқұмдардың туысы Гүлжан Байболатова.

Марқұм Зарипа Нарымбетова үш қыз өсіріп, екеуін тұрмысқа берген. Өзі мектепте аспаз болып жұмыс істеген екен. Сол түні қайтыс болған қызы 16 жаста. Ал, қара жамылған әулеттің жақындары күдікті елдімекендегі жалғыз білім ошағында дене шынықтыру пәнінен сабақ берген деп отыр. Бұған дейін 30 жастағы азамат 10-сынып оқушысына қырындап, соның салдарынан жұмыстан қуылғанын айтады.

Полиция іс қозғалып, күдікті қамалғанын жеткізді. Бір отбасының екі мүшесін ағайын-туысы күні кеше ақтық сапарға шығарып салды.

Айта кетейік, бұл үйдің отағасы да 15 жыл бұрын кісі қолынан қаза тапқан екен.



ПІКІР ЖАЗУ