Тележүргізуші Анна Данченконың да денсаулығы сыр беріп жүр
Белгілі тележүргізуші Анна Данченко Instagram-дағы парақшасына өзінің денсауылығы сыр бергенін жазды. Ол сауда орталығында жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қала жаздаған.
Айтуынша, ол соңғы кезде өзін жайсыз сезініп жүр екен. Соңғы рет сауда орталығында киім қарап жүрген кезде басы айналып, құлап қала жаздапты.
Киім таңдап жүргенде басым айналып, өзімді жайсыз сезіндім. Есімнен танып қала жаздадым. Соның салдарынан қан қысымым 70-ке дейін түсіп кетіпті. Көзімнен көрініп тұр бәрі. Сонда да өзімді емес, маманы ойлап отырмын ғой. Маған бір нәрсе болып қалса, Құдай сақтасын, анамның қасында кім болады деп… Қалай, иә? Анасы баласын, баласы анасын ойлайды, – деп жазды журналист.