Коронавирус инфекциясынан кейін балалардың миы қартайып кеткен
АҚШ ғалымдары коронавирус пандемиясынан кейін жасөспірімдердің миының қартайып кеткенін мәлімдеді.
Жүргізген зерттеуде жеткіншек қыздардың миы орта есеппен 4 жыл екі айға, ал ер балалардың миы бір жарым жылға қартайып кеткеін көрсеткен.
Ғалымдар балалардың пандемияға дейін түсірілген ми қыртысының суреттерімен одан кейінгі суретін салыстырған кезде, өзгерістерді байқаған. Зерттеушілердің сөзінше, жасөспірімдер стресске бейім, әрі миы да аса сезімтал келеді. Індеттен кейін балалар миының қартаюының жеделдегені осыдан деп есептейді.
Ғалымдардың дерегіне сәйкес, мұны қалыпқа келтіру үшін жеткіншектерге психикалық қолдау көрсету маңызды.Балаларды әлеуметтік желілерден алшақтатып, ортасымен қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік жасау керек дейді олар.