Павлодарлық 6-сынып оқушысы екі баланы пышақтап тастады
Павлодарда 6-сынып оқушысы №21 орта мектептің екі оқушысын пышақпен жарақаттады.
Оқиға туралы облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова айтты. Оның айтуынша, оқиға 11 қыркүйекте азық-түлік дүкенінің жанында болған.
Алтыншы сынып оқушыларының бірі екі оқушыны пышақпен жарақаттаған. Олар бірден ешкімге ештеңе айтпаған, сол күні кешке сабаққа келмей, облыстық балалар ауруханасына барып, медициналық көмекке жүгінген. Онда пышаққа ұрынған жерлерін тігіп берген, делінген хабарламада.
Шәкенова зардап шеккен балалардың ата-аналары мектеп әкімшілігіне хабарлағанын, олар өз кезегінде полиция шақырғанын айтты.
Қазіргі уақытта зардап шеккен оқушылардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.