Сұлулық байқауының финалисін күйеуі өлтіріп, денесін блендермен ұсақтап тастады

0
808

Швейцарияда сұлулық байқауының финалисі 38 жастағы Кристина Йоксимович айуандықпен өлтірілді. 

Ол қыста мерт болған еді. Кристинаның дене бөліктері Базель қаласында табылып отыр. Сұлулық байқауының қатысушысын  41 жастағы күйеуі Томас өлтірген екен.

Психикалық ауытқу мен патологиялық қызғаныш салдарынан Томас әйелін тұншықтырып өлтірген. Ұсталып қалмас үшін ол мәйітті ұсақ бөліктерге бөліп, кейбір бөліктерін блендермен ұсақтап, содан кейін химиялық затпен еріткен.

Күйеуі полицияға Кристина оған пышақпен шабуылдағандықтан, өзін қорғау үшін өлтірдім деп ақталғанымен, сараптама оның сөзін жоққа шығарды.

Сотта ер адам суыққанды және эмпатияға қабілетсіз адам деп сипатталды.

Йоксимовичтің артында екі қызы қалды.



ПІКІР ЖАЗУ