Алматыда әзірленген 1 700 тонна алма шырыны рекордтар кітабына енді

0
121

Алматыда қала күніне орай дәстүрлі Apple Fest фестивалі өтті, деп хабарлайды politico.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Мерекелік шараға 100 мыңнан аса адам жиналған. Апорт алмасын жаңғыртып жүрген 50 шаруа қожалығы өз өнімдерін ұсынды. Сонымен бірге ұйымдастырушылар 1 700 тонна алма шырынын әзірледі.

Айта кетсек, алма фестивалі дәстүрлі түрде Тұңғыш президент саябағында бар сән-салтанатымен ұйымдастырылып келеді. Мерекені қала тұрғындары асыға күтеді.

Биылғы басты ерекшелік – алмадан қайнатылған шырын. 1 700 тонна көлемінде әзірленген ол сусын елдің рекордтар кітабына енгізілді.

Фото: ztb.kz



ПІКІР ЖАЗУ