Қырғызстан қазақ көкпаршыларын қарымта ойынға шақырды

0
171

Қырғызстан Көк бөрі федерациясының өкілдері Қазақстан көкпаршыларын қарымта ойынға шақырды, деп хабарлады politico.kz Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Қырғыз спортшылары бүгін, 16 қыркүйекте Қазақстан Көкпар федерациясына шақыру хат жіберген. Ойын 1 қарашада Ыстықкөл жағасында көкпар мен көк бөріден «Келісім кубогы» ретінде өтеді.

Біз 1 қарашада сол баяғы құраммен көк бөрі мен көкпар ойнауды ұсынамыз. Бұл ойын екі халық арасында алауыздық тудырмауы керек. Біз халықтың келісімі үшін жеке амбициялардан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады, – деді Көк бөрі федерациясының басшысы Рамис Жүнісәлиев.

Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы



ПІКІР ЖАЗУ