Алматыда өгей қызын зорлап келген тұрғын ең жоғары жазаға тартылды

0
196

Алматыда өгей қызын зорлаған ер адам 25 жылға сотталды. Оған үкімді қаланың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты шығарды.

Бұл туралы заңгер Әлия Омарова өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

Зорлаушы кінәлі деп танылып, 25 жыл бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот моральдық зиян ретінде 50 миллион теңге өндіріп алды, – деп жазды Әлия Омарова.

Сондай-ақ ол сот ең жоғары жаза тағайындағанын және өзінің тәжірибесінде алғаш рет осындай көлемде моральдық зиян өндірілгенін атап өтті.

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев



ПІКІР ЖАЗУ