«Көреалмаушылық»: Жүрсін Ерман айтысты сынаған Дулат Исабековті жақтырмады

0
223

«Кімнің есінде?» хабарында Жүрсін Ерман айтысты сынаушылар туралы пікірін айтты.

Ол алдымен өзі айтыстың негізін қалағаннан бері соған қатысты сынның бір толастамай келе жатқанын алға тартты.

Қойшыға қор, жылқышыға жыр болдық. Сыншылар көп. Оның ішінде өзіме ең ұнамайтын сыншы бар. Ол – біздің жазушымыз Дулат Исабековтің пікірі. Ол да жалықпай айтып келе жатыр, мен де жалықпай қарсыласып келемін. «Бұл айтыс кімге керек?» дейді. «Мына компьютер заманында балаларды басқа қызықпен еліктіру керек. Айтысты тоқтату керек» деп талай жерде айтты. Бұның артында көреалмаушылық жатыр деп ойлаймын. «Жазушыларымыз жарты жыл отырып түк алмайды, ақындар жарты сағат отырып көлік мініп кетеді» дейді, – деп ағынан жарылды Жүрсін Ерман.

Сондай-ақ ол «Айтыс барысында қандай құнды ойлар айтылды?» дегенді талқылаудың орнына, «Кім не алып кетті?» деп айтатындарға реніші барын жасырмады.



ПІКІР ЖАЗУ